Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz "Отандастар қорының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар Болат, Зерделі ақыл-ой орталығының негізін қалаушы Өжет Мәуіт, Йокохамманың Қазақстандағы ресми өкілі, меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау қатысты.  width= Қоғам ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты  атажұртқа келіп кәсібін дөңгелетіп отырған қандас кәсіпкерлермен кейінгі буын жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру. Кездесу аясында «Отандастар Қорының бүгіні мен болашағы», «Білім және бизнес», «Қазақстандағы кандастардың мүмкіндіктері» тақырыптары ортаға салынып, спикерлер өз пікірін білдірді.