Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz «Отандастар қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар Болат, Зерделі ақыл-ой орталығының негізін қалаушы Өжет Мәуіт, Йокохамманың Қазақстандағы ресми өкілі, меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау қатысты.

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Қоғам ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты  атажұртқа келіп кәсібін дөңгелетіп отырған қандас кәсіпкерлермен кейінгі буын жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру. Кездесу аясында «Отандастар Қорының бүгіні мен болашағы», «Білім және бизнес», «Қазақстандағы кандастардың мүмкіндіктері» тақырыптары ортаға салынып, спикерлер өз пікірін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button