«Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды

«Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды

«Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлықтың биылғы иегерлерін ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады. «Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді. Сонымен «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының тімізімі мынадай: 1. «Ғылым» номинациясы бойынша сыйлық иегері – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы болды; 2. «Қоғамдық қызмет» номинациясында – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич; 3. «Журналистика» номинациясы бойынша – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы; 4. «Халық шығармашылығы» номинациясында – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы; 5. «Классикалық музыка» номинациясында – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы; 6. «Театр және кино» номинациясында – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза; 7. «Спорт» номинациясында – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы; 8. «Эстрада» номинациясы бойынша –Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы; 9. «Әдебиет» номинациясында – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы; 10. «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында – Атабек Әлібекұлы Бекболатов. Сыйлық иегерлеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды.