Жаңалықтар

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады

2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, ел халқының саны – 19,1 млн адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. 2020 жылдың осы кезеңінде елде 18,8 млн адам болды, деп хабарлайды ranking.kz сайты.

Өңірлерді жеке қарастырғанда, тұрғындардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады – 2,1 млн адам. ТОП-3-ке Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы (2 млн адам) кірген. Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 539,4 мың адам.

2021 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша, елде Қазақстан есімді 24 адам тұрады. Қазақстан есімді адамдардың басым бөлігі Ақмола облысы мен елордада тұрады – әр өңірде 6 тұрғыннан бар. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында – 4, Қостанай облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бірден Қазақстан есімділер тұрады.

Қазақстандықтар балаларына еліміздің ірі қалаларының аттарын да берген (ҚР-да олардың 18-і тұрады). Елімізде 28 Семей, 21 Алматы, 18 Түркістан есімді адам бар.

Back to top button