«Үш несиесі болған»: 9-қабаттан 3 баласымен секірген әйелдің әпкесі оқиғаның мән-жайы айтты

«Үш несиесі болған»: 9-қабаттан 3 баласымен секірген әйелдің әпкесі оқиғаның мән-жайы айтты

«Үш несиесі болған»: 9-қабаттан 3 баласымен секірген әйелдің әпкесі оқиғаның мән-жайы айтты
ашық дереккөзі

Алматыда 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел Бақтыгүл Қыдырбаева бұрын екі рет анафилактикалық шок алған екен. Оны марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаева 31 арнаға берген сұхбатында айтты.

Телеарнаның мәліметінше, марқұм келіншектің күйеуі әйелімен соңғы сөйлескенінде екеуара еш араздық болмағанын айтқан. Келіншегінің атына рәсімделген үш бірдей несиеден де хабары бар екен. Бақтыгүл Қыдырбаева соңғы рет қазан айында ғана шағын несие ұйымынан 15 мың теңге несие рәсімдеген. Бірақ уақытында төлей алмаған. Оқиға болған күні Бақтыгүл Қыдырбаева әпкесімен сөйлескен. 22 қараша сағат 10.00 шамасында WhatsApp-та хабарлама жазған. Марқұм келіншектің әпкесі Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, содан кейін Бақтыгүл телефонын көтермеген. Көңіл күйі жақсы еді. Бірнеше күн бұрын кенжесіне 20 мың теңгеге комбинезон сатып алғанының суретін жіберген, үлкен қызының мақтау қағазын көрсетіп, қуанышымен бөліскен. Жанар Қыдырбаева, марқұм Б.Қыдырбаеваның әпкесі: «Екі рет анафилактикалық шок алған. Аллергиясы болатын. Бірақ неден аллергиясы бар екені белгісіз. Соңғы рет екі ай бұрын, преднизолон салып, әрең аман алып қалған», – дейді. Күйеуі Нұрсұлтан Оразов соңғы күні жұмыс мәселесімен шығып, үйде қонбағанын айтты. Тілшінің «Қайда болдыңыз, Шымкентте ме?» деген сауалына: «Жоқ, Алматыда болдым. Жұмыстың мәселесімен шығып кеткенмін. Бір күн бұрын шығып кеттім. Жұмыс мәселесімен. Ешқандай ренжіскен жоқпыз. Соңғы рет күнделікті үйдегі әңгіме, тіршілік туралы әңгілестік…», – деп жауап береді. Бақтыгүл Қыдырбаеваның атында үш несие бар. Екеуі сот орындаушыларына өтіп кеткен, уақытылы төлей алмаған. Соңғы рет қазан айының соңында 15 мың теңге несие алыпты. Бірақ ол қаражатты да уақытында төлей алмаған. Нұрсұлтан Оразов келіншегінің несиелерінен хабардар. «Бірге алдық. Жұмыс бірде бар, бірде жоқ, шамама қарай төлеп жүрмін», – деді. Марқұмның әпкесі, жәрдемақы алуға бірнеше мәрте құжат өткізіп, рәсімдей алмағанын айтқан болатын. Ал,Нұрсұлтанның туыстары жас отбасының қаражаттан қысылғанынан хабарсызбыз дейді. Бір-ақ күнде үш немересі мен келінінен айырылған Бауыржан Оразов: «Дәл осындай әрекетке баратындай денсаулығында кінәрат жоқ еді, қаражаттан қысылатындай емес, тек кредитке телевизор алған», – дейді. Қайғылы оқиға болған күні марқұмдарды Нұрсұлтаннан кейінгі інілері көрген. Олар сол үйде бірге тұрып жатқан. Жұмысқа кетерінде әйел мен балалары ұйықтап жатқан екен.