Жылына 597 337 300 теңге алатын «Барыс» капитаны клубтан қуылмақ

Жылына 597 337 300 теңге алатын «Барыс» капитаны клубтан қуылмақ

Жылына 597 337 300 теңге алатын «Барыс» капитаны клубтан қуылмақ
ашық дереккөзі
«Барыс» клубының қорғаушысы Даррен Диц команда сапынан кетуі мүмкін. Бұл туралы «БИЗНЕС Online» сайты хабарлайды. Клуб басшылығы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) тиімділігі ең төмен (-19) деп бағаланған хоккейшінің ойынына көңілі толмаған. Тиісінше, Даррен бұдан былай «Барыс» капитаны емес. «Барыс» командасының бас бапкері Юрий Михайлистің айтуынша, бұл шешімді клуб басшылығы қабылдаған. Сол себепті олар «Северсталь» командасына қарсы өткен соңғы кездесуге қатыспаған Дитцпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуы ықтимал. Белгілі болғандай, ойыншыға қазандық «Ак Барс» клубының басшылығы қызығушылық танытуда. Естеріңізге сала кетейік, Даррен Диц осыдан бір ай бұрын ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы жариялаған рейтингте Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ең жоғары айлық алатын ойыншы атанған болатын. Дицтің жылдық жалақысы – 100 млн рубль (597 337 300 теңге). Екінші орынға мәскелуік «Динамо» клубының шабуылшысы Вадим Шипачев (95 миллион рубль) табан тіресе, үштікті уфалық «Салават Юлаев» командасының ойыншысы Теему Хартикайнен (90 миллион рубль) түйіндейді.