Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер туралы айтты

Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер туралы айтты

Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер туралы айтты
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы айтты.  Үкімет басшысы тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге тоқталды. Атап айтсақ, ЖІӨ көлемі 17 есеге - 1993 жылғы $11,4 миллиардтан 2021 жылы $190 миллиардқа дейін өсті. Ал тауар айналымы 100 млрд АҚШ долларына дейін өсті (1991 жылғы бұл көрсеткіш - $1,5 млрд). Халықаралық резервтер қоры 90,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті (1993 жылғы бұл көрсеткіш - $711 млн). Сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 400 млрд АҚШ долларына тең. Қазақстан жан басына шаққандағы тікелей шетелдік инвестициялар бойынша ТМД-да 1-ші орында тұр.  width=