9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел әлеуметтік көмек алуға өтініш бермеген

9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел әлеуметтік көмек алуға өтініш бермеген

9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел әлеуметтік көмек алуға өтініш бермеген
ашық дереккөзі
Алматыда тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен әйелдің отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) немесе басқа да әлеуметтік көмек алу үшін өтініш бермеген. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік қамсыздандыру департаменті өкілі Данияр Әлкебайұлы айтып берді, - деп жазды Tengrinews.kz. Данияр Әлкебайұлы бұл отбасы Шымкент қаласында тіркелгенін айтты. Олар Түркістан облысының тумасы және Шымкентте әлеуметтік жәрдемақы алған.
"Олар қандай төлемдер алғанын білмейміз, себебі бұл ақпарат Шымкент қаласының деректер базасында. Алматыда олар тамызда пәтер жалдаған. Біздің қалада АӘК алу үшін олар тіркеуден өтуі немесе уақытша тіркеуге тұруы керек еді. Алматыда әлеуметтік көмек сұрап, жұмыспен қамту орталығына да, әлеуметтік бөлімге де жүгінбеген. Олар туралы соңғы өтініш Шымкентте тіркелген", - деді Данияр Әлкебайұлы.
Ведомство өкілінің айтуынша, әйелдің күйеуі де жұмыспен қамту орталығына жүгінбеген және Алматыда жұмысы болған көрінеді. Отбасы алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері есептелмеген. Ол үшін аудандық комиссия оларды тексеруі керек болған. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды.