Назарбаев Трампты Қазақстанға шақырды

Назарбаев Трампты Қазақстанға шақырды

Назарбаев Трампты Қазақстанға шақырды
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Ақорда."Сіздің басқаруыңызда Америка Құрама Штаттары тұрақтылықты, қауіпсіздікті және бүкіл әлемде гүлденуді қолдау мәселелерінде тірек болып қалады деп сенемін", - делінген жеделхатта. Сөз соңында Қазақстан Президенті Дональд Трампқа сәттілік тілеп, Қазақстанға шақырды.Сондай-ақ, Ақорда Назарбаевтың АҚШ президенттерімен түскен суреттерін жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 даусын, ал Клинтон сайлаушылардың 218 даусын жинаған. Осылайша Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды. The New York Times басылымының соңғы мәліметі бойынша, Дональд Трамп сайлауда өз қарсыласы Хиллари Клинтоннан үлкен айырмашылықпен алда келе жатқан болатын. Сонымен қатар, басылым Трамптың АҚШ-тың келесі президенті атану мүмкіндігін 95 пайыз деп бағалаған еді. Еске сала кетейік, АҚШ президенттігіне сайлау 8 қарашада басталған болатын. 19 желтоқсанда формалды сайлау процедурасы өтеді, ал 2017 жылдың 6 қаңтарында АҚШ конгрессі қорытындыны бекітеді. Ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. Осы кезде АҚШ президенті өз қызметіне кіріседі.