Елімізде жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат бар ма – министр жауап берді

Елімізде жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат бар ма – министр жауап берді

Елімізде жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат бар ма – министр жауап берді
ашық дереккөзі
Үкімет үйінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш-сауық өткізуге рұқсат берілуі әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтты.  «Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, яғни қоғамдық және тамақтану орындарына, концерт залдарына қанша адамның кіруге болатындығы туралы талап енгізіледі. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», - деді А. Цой. Сондай-ақ, министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді.