Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым 9 қағидасы

Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым 9 қағидасы

Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым 9 қағидасы
ашық дереккөзі

Есте сақтау қабілетін жақсартудың күрделі әдісін іздеудің қажеті жоқ. Өмір сүру салтына кішігірім өзгеріс енгізуден бастаңыз нәтижесін бірден байқайсыз.

Тұтынатын қант мөлшерін азайтыңыз

Қантты көп тұтыну танымдық қабілеттерге теріс әсер етеді. Қант мөлшерін азайту арқылы сіз есте сақтау қабілетін ғана емес, жалпы денсаулықтың жақсарта аласыз.

Рационыңызға балық майын қосыңыз

Балық майына бай Омега-3 қанықпаған май қышқылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады, ақыл-ой, көру қабілетін жақсартады, шаршау және мазасыздықпен күресуге көмектеседі. Бұл әсіресе қарт адамдарға ұсынылады. Үнемі балық өнімдерін тытұтынатындардың есте сақтау қабілеті едәуір жақсарғанын дәлелдейтін зерттеулер көп.

Дене шынықтыруды әдетке айналдырыңыз

Физикалық жаттығулар денеге ғана емес, сонымен қатар мидың белсенділігіне де пайдалы әсер етеді, танымдық функциялардың жақсаруына ықпал етеді. Медитация тыныштандыруға және эмоционалды жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар есте сақтау қабілеті мен оқу қабілетіне оң әсер етеді.

Артық салмақтан арылуға тырысыңыз

Артық салмақ таным қабілеттерін нашарлатады. Зерттеушілер 18 жастан 35 жасқа дейінгі адамдар арасында эксперимент жүргізді. Оның нәтижелері бойынша артық салмақтан зардап шегетін адамдар есте сақтау қабілетін тексеретін сынақтардан жақсы нәтиже көрсетпегені байқалған. Сонымен қатар, семіздік Альцгеймерге шалдығу қаупін арттырады.

Ұйқыны реттеңіз

Егер ұйқыңыз жеткіліксіщ болса, бұл сіздің жадыңызды нашарлатады. Негізінен 7-ден 9 сағатқа дейін ұйықтау керек. Сонымен қатар ұйықтар алдында бөлмені желдетіп, ұйықтар алдында бір сағат бұрын гаджеттерді өшіру керек, негатив жаңалықтар мен пайдасыз телешоулар көрмеңіз.

Алкоголь тұтынбаңыз немесе азайтыңыз

Алкоголь жалпы денсаулыққа зиян келтіреді және мидың жұмысын баяулатады. Алкоголь гиппокампқа теріс әсер етеді, ол ақпарат сақтауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

Қара шоколад жеңіз

Қара шоколад миға пайдалы флавоноидтарға бай. Құрамында 70% какао бар шоколадты таңдап, оны аз мөлшерде үнемі тұтыныңыз.

Д дәруменін қабылдаңыз

Д витаминінің жетіспеушілігінен танымдық функциялардың нашарлауы байқалады. Климаты қатал елдерде бұл дәруменнің жетіспеушілігі көп кездеседі.

Миды жаттықтырыңыз

Жадты жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі - жүйелі ми жаттығулары. Әр түрлі ақыл-ой жұмбақтарын шешу кез-келген жаста есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Оған сөзжұмбақтар, кроссвордтар да жатады. Егер сіз күн сайын 10-15 минут жаттықсаңыз, қысқа мерзімді және жұмыс жады жақсарады, реакция жылдамдығы дамиды.

А. Шахмардан