Жаңалықтар

Қабатовтың қызына қатысты ҰБТ дауы: сот үкім шығарды

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының құжатын қолдан жасау фактісі бойынша білім беру орталығының басшысы Нұрбек Қанайға үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz Аzattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Елордалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушының 12 тамызда мектеп оқушыларының ҰБТ-дан жоғары балл алуы және білім беру орталығының беделін көтеру үшін тестілеуден өтіп жатқан төрт мектеп түлегінің жеке куәлігіндегі фотосуреттерді басқа адамдардың фотосуретіне алмастырғаны анықталған.

Сот Нұрбек қанайды ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарып, оның мінез-құлқына пробациялық бақылау орнатты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button