Жаңалықтар

Келер жылы 6 миллионнан астам қазақстандықтың табысы өседі

2022 жылы 6 миллионнан астам қазақстандықтың табысы өседі, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері өседі. Бұл мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адамның кірісін арттырады, ал ең төменгі жалақының (ЕТЖ) ұлғаюы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн адамның табысын өсіреді.

Айта кетейік, келер жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңге, ал АЕК – 3 063 теңге болады.

Back to top button