Хат қалдырған: Отарда офицер өз-өзіне қол жұмсады

Хат қалдырған: Отарда офицер өз-өзіне қол жұмсады

Хат қалдырған: Отарда офицер өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

Отарда Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінің офицері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мәліметті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған.
"22 қарашада Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмның хаты табылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды, деп атап өтті департамент.