600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан ШҚО тұрғыны сотталды

600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан ШҚО тұрғыны сотталды

600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан ШҚО тұрғыны сотталды
ашық дереккөзі

600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан ШҚО тұрғыны сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Баррель» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде мұнай өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз өткізу дерегінің жолын кесті. Тергеу кезінде Үржар ауданының тұрғыны С.Каленова 151 млн теңге сомасына 600 тоннадан астам дизель отынын олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз сатқаны анықталды, деп жазылған агенттік сайтында.

Ол 3 жылға шартты түрде сотталды.