Жаңалықтар

Шымкентте 5 балалы отбасы баспанасынан айырылды

Шымкентте көп балалы отбасы 5 жыл бойы салған баспанасынан айырылды, – деп хабарлайды turkystan.kz   «Отырар»-ға сілтеме жасап

Енікеевтердің үйінің жартысынан көбі өрттен қирап қалған. Үйінен өрт шыққанда іштегілер құжаттары мен кей киімдерін ғана алып шығып үлгерген.

«Шатырға шықтық, түтін будақтап жатыр екен, біз өрт сөндіру қызметін шақырдық. Өрт сөндірушілер келіп, бәрін қиратты. Өрттің себебі сымнан шыққан деді, бірақ үйімізде от мына жағынан емес, арғы жақтағы бөлме қабырғасынан шықты», – деп еске алады Рамзия Енікеева.

Алда қыс келе жатыр. Әзірге олар жақындарын паналаған. Ендігі жағдайы не болатынын ойлап қамыққан отбасы қайырымды жандардың көмегінен үмітті.

Back to top button