Sputnik V вакцинасы мұрынға тамызатын препарат түрінде шығарылмақ

Sputnik V вакцинасы мұрынға тамызатын препарат түрінде шығарылмақ

Sputnik V вакцинасы мұрынға тамызатын препарат түрінде шығарылмақ
ашық дереккөзі

Ресейдің Гамалея зерттеу орталығы жақын арада Sputnik V коронавирусқа қарсы вакцинасының мұрынға тамызатын препарат түріндегі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz Интерфакс-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Федерациясының Президентімен кездесу кезінде Гамалея орталығы директорының орынбасары Денис Логунов мәлімдеген. Ол бұл препарат клиникалық сынақтардан өткеннен кейін қолданысқа енгізілетінін айтты.
"Біз осындай препаратты әзірледік және жақын арада оны тәжірибеге енгізуді жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Логунов.
Бұған дейін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург мұрынға тамызатын препарат түріндегі коронавирусқа қарсы вакцинасының жанама әсерлері әлі анықталған жоқ деп мәлімдеді.