Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталды

Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталды

Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталды
ашық дереккөзі

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сот 2019 жылғы мамыр-қыркүйек аралығында Көкшетау қаласында полиция департаменті басшысының орынбасары мен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын ұрлаған, осылайша 17 446 362 теңге материалдық залал келтіргенін анықтады.
«Сот үкімімен С. және Ж. Қылмыстық кодекстің 189-шы бабы 4-ші бөлігі 2-ші бөлімшесі, 369-шы бабының 1-ші бөлігіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін түпкілікті кінәлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге, олар мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, «полиция полковнигі» шендерінен айырылды», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, материалдық залалды өтеу үшін 14 969 762 теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.