Хат қалдырған. 9-қабаттан балаларымен бірге секірген әйелдің неліктен мұндай қадамға барғаны анықталды

ашық дереккөзі

Алматыда 9-қабаттан балаларымен бірге секірген әйелдің неліктен мұндай қадамға барғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясының мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық жанжал себеп болған.
“Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсайтыны туралы хат қалдырған”, – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған. Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын.