Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда шіркеу тонаған 2 жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтанда бүгін түнде шіркеу тонап, 170 мың теңгені қолды қылған екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Олар қайырымдылыққа арналған 6 қораптан 170 мың теңге ұрлаған.

Таңертең ұрлық фактісі анықталғаннан кейін Серафим ғибадатханасының діни қызметкері полицияға хабарлаған. Полиция бір тәулік ішінде 27 жастағы екі жігітті ұстады, олардың біреуі бұрын шіркеуде күзетші болып жұмыс істеген. Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады.

Қазір «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Back to top button