Лимонның сіз білмейтін пайдасы

Лимонның сіз білмейтін пайдасы

Лимонның сіз білмейтін пайдасы
ашық дереккөзі

Лимонның қабығы да, шырыны да биологиялық белсенді заттарға бай. Сондықтан оның пайдасы да көп. Әсіресе күз бен көктемде ағзаға өте пайдалы.

  • С дәрумені дененің қорғаныс функциясын сақтау үшін қажет екенін бәрі біледі;
  • Лимонды көбінесе басқа жаққа көшіп барған адамдар тұтынуы керек (дәлірек айтқанда климат ауыстырған). Яғни цитрус акклиматизацияны жеңілдетеді;
  • Лимон мен бал қосылған шай көктем мен күзде иммунитетті көтеруге мүмкіндік береді. Цитрус патогендік микрофлораны көбею сатысында тоқтатады, тұмау мен ЖРВИ-дің алғашқы симптомдарын басуға, дене температурасын төмендетуге, терлеуге көмектеседі;
  • Енді ғана жазылған немесе отадан шыққан адамның тәбетін арттырады;
  • Ішек микрофлорасын жақсартады;
  • Ағзаны токсиндерден тазартады;
  • Тағамдағы қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді;
  • Ұйқышылдық пен шаршауды басады;
  • Тырнақты пен шашты қатайтады;
  • Лимон темір мен калийге бай. Қан құрамы мен қан айналымын жақсартады;
  • Қант диабетін жеңілдетуге көмектеседі;
  • Жүкті әйелдерге токсикоз кезінде таптырмас көмек;
  • Ағзаға жеткіліксіз витаминдердің орнын басады.

А. Шахмардан