Жаңалықтар

Балқы Базар жыраудың туғанына - 180 жыл

ашық дереккөзі

Балқы Базар жыраудың туғанына - 180 жыл

Әр халықтың әлемдік өнер мен мәдениетіне қосатын өз ұлттық құндылықтары бар. Қазақ халқының жыршы-жыраулық өнері де өзге ел салт- дәстүрлерінен ерекшелейтін баға жетпес қазынасы десек артық айтқандық емес. Қызылқұм өңірінде жыршылық, жыраулық өнерді бойына дарытқан, алқымы алтын, көмейі күміс көрнекті өкілдерінің бірі – Балқы Базар жырау Оңдасұлы. Балқы Базар жырау 1841-1911 жылдар аралығында өмір сүрген ғибратты ғұмыр иесі. Он бес жасында «Бала жырау» атанған жыр жампозының бейіті - Жалпақтауда. Өткен жылы қазан айында жыраудың басына бюст орнатылып, баба бейіті айналасы абаттандырылды. Сайысты қорытындылай келе әділқазылар алқасының мүшесі жергілікті жыршы Ж.Жүсіпов өскелең ұрпақтың  бұдан да биік белестерден көрініп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, жыршылық, жыраулық өнер арқылы ұлттық мәдениеттен өзіндік орын табуына тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.  

Гүлжазира Айтбаева,

Гүлдана Нарынбетова,

Өзбекстан Республикасы,

Науаи облысы, Тамды ауданы