Екі емес, үш баласымен: 9-қабаттан секірген әйелге қатысты дерек жарияланды

Екі емес, үш баласымен: 9-қабаттан секірген әйелге қатысты дерек жарияланды

Екі емес, үш баласымен: 9-қабаттан секірген әйелге қатысты дерек жарияланды
ашық дереккөзі

9-қабаттан секірген 28 жастағы әйелге қатысты дерек жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz  аzattyq rýhy-на сілтеме жасап.

"Бұл жағдай "Жетісу"шағын ауданындағы көппәтерлі үйлердің бірінде болды. 9-қабаттың терезесінен 28 жастағы әйел мен оның үш баласы секіріп кеткен. Балалар 2015, 2016 және 2019 жылдары туған. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деп хабарлады полиция.
Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын тергеу мақсатында Алматы қаласының ПД-да жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу).