«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды
ашық дереккөзі

Журналист Ерлан Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлан Игісінов еңбек жолын радиохабар жүргізушісі болып бастаған. 2009 жылы «Хабар» телеарнасында «Бетпе-бет» бағдарламасын жүргізген. «24.КZ» телеарнасының шеф-редакторы, «Хабар» телеарнасының директоры болған. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін, технологиялық ресурстар мен қызметтерді құруға маманданған Aitu-Dalа редакциясының жетекшісі қызметін атқарып келді.