Жаңалықтар

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

Журналист Ерлан Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлан Игісінов еңбек жолын радиохабар жүргізушісі болып бастаған.

2009 жылы «Хабар» телеарнасында «Бетпе-бет» бағдарламасын жүргізген.

«24.КZ» телеарнасының шеф-редакторы, «Хабар» телеарнасының директоры болған.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін, технологиялық ресурстар мен қызметтерді құруға маманданған Aitu-Dalа редакциясының жетекшісі қызметін атқарып келді.

Back to top button