"Ну, погоди" мультсериалының жалғасы көрермендерге жол тартпақ
"Союзмультфильм" әйгілі "Ну, погоди" мультсериалының жалғасы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды turkystan.kz gazeta.spb.ru-ға сілтеме жасап.
Мультсериалдың трейлері "Союзмультфильм" YouTube-арнасына шықты. Қасқыр мен Қоянды Гарик Харламов пен Дмитрий Хрусталев дыбыстайды. Сонымен қатар елік, кірпі, борсық және басқа да жаңа кейіпкерлер қосылған.
Бірінші маусым 52 сериядан тұрады.