Жаңалықтар

Бір жыл ішінде интернеттегі алаяқтық саны 80%-ға өсті – министрлік

Биыл 10 ай ішінде елімізде интернеттегі алаяқтық саны 80%-ға өсіп, 17,8 мыңға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz vlast.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг кезінде криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеген.

«Цифрлық технологиялардың дамуы интернет арқылы жасалатын ұрлықтың көбеюіне алып келді. Егер 2019 жылы интернеттегі алаяқтық саны 7,7 мың болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 мыңнан астам қылмыс жасалған. Ал биыл 17 мың 800-ге жетті», – деді Нұрмағамбетов.

Back to top button