Жаңалықтар

Мал суаруға барған: Қызылорда облысында 62 жастағы қария каналға ағып кетті

Қызылорда облысында мал суаруға барған 62 жастағы адам канал суына батып кеткен. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болды. Сол аумақтағы «Жасұлан» каналына мал суаруға барған 1959 жылғы азамат мұздың ойылып кетуі салдарынан канал суына батып кеткен. Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған. Төтенше жағдайлар мамандары және полицияға кейіннен хабарланған.

«Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүруде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Back to top button