Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдеді – Жаңа қаулы

Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдеді – Жаңа қаулы

Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдеді – Жаңа қаулы
ашық дереккөзі
Бас санитар дәрігердің №42 қаулысына сәйкес, өңір «жасыл» аймаққа өткеннен кейін ең кемі 7 күн «сары» аймақ талаптары бойынша жұмыс істейді. «Жасыл» аймақ талаптарына сәйкес, Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады. Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада 100 мың адамға шаққанда аурушаңдық 50-ге жетпесе, «жасыл» аймаққа сай карантин шаралары жеңілдетілетінің айтқан болатын. «Жасыл» аймақ талаптарына сәйкес, Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады. Ashyq жүйесіндегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істейді. Егер жекелей алғанда қоғамдық тамақтану орындарында қонақтар саны артады. Егер «сары» аймақта 60% дейін рұқсат берілсе, «жасыл» аймақта орындар саны 70% дейін артады. Ал фудкордтарда «сары» аймақта 20% рұқсат берілсе, «жасыл» аймақта 30% артады», - деді Алматының бас санитар дәрігері. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Алматыда барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастайды. Вокзалдар, ХҚКО-лар, сондай-ақ білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істей бастайды. Еске салайық, Алматы қаласы 18 қарашадан бері коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта тұр.