Прокурорлар мен тергеушілердің қателігінен сотталған Ақтөбе тұрғынына өтемақы төленеді

Прокурорлар мен тергеушілердің қателігінен сотталған Ақтөбе тұрғынына өтемақы төленеді

Прокурорлар мен тергеушілердің қателігінен сотталған Ақтөбе тұрғынына өтемақы төленеді
ашық дереккөзі

Прокурорлар мен тергеушілердің қателігінен сотталған Ақтөбе тұрғынына өтемақы төленеді, деп хабарлайды turkystan.kz liter.kz-ке сілтеме жасап.

Сот оны бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Алайда сотталған адам бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдей алды. Облыстық сот алқасы оны ақтаған уақытта ол2 ай және 12 күн қамауда болған. Ақталған адам мемлекетті сотқа берді және заңсыз қылмыстық қудалау үшін келтірілген залалды өтеуді талап етті. Ол өзінің кінәсі жоқ екенін бір жылдан астам уақыт дәлелдегенін атап өтті. Осы оқиғаның кесірінен беделі төмендегенін, туыстары мен таныстарын қылмыскер емес екеніне әлі де сендіре алмай жүргенін, ал адвокаттарға 450 мың теңге жұмсап, бірнеше ай бойы жалақысы мен жұмысынан айырылғанын айтып, өтемақы талап етті. Сот шешімді оның пайдасына ішінара қанағаттандырды. Ақталған адамға моральдық зиян үшін миллион теңге және 378 мың теңге төленеді.