Жаңалықтар

Петропавлда екі Египет азаматы ұсталды

Петропавлда Мысырдың екі азаматы  ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 қарашада Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларын тексеру кезінде ұсталған екі ер адамды әкелді. Тексеру нәтижелері бойынша олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екендігі анықталды», – деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі(ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button