Жаңалықтар

Тергеу басталды: 40 жастағы әйел зейнеткердің атынан 1,6 миллион теңге несие рәсімдеген

Рolisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне 67 жастағы ауыл тұрғыны арызданған.

Зейнеткер өз атына 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімделгеніне шағымданған. Ол банкке қарыз екенін несиені төлеу туралы талаптар түскенде бір-ақ білген.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, жәбірленушінің танысы, 40 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Back to top button