Қарағанды жұрты баланы сүйреген тәрбиешінің әрекетіне наразы

Қарағанды жұрты баланы сүйреген тәрбиешінің әрекетіне наразы

Қарағанды жұрты баланы сүйреген тәрбиешінің әрекетіне наразы
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео резонанс тудырды, мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүргізілмек, - деп жазды Tengrinews.kz. Желіде тараған кадрларда сырт киімімен еденде жатқан кішкентай қыз көрінеді. Видеодан оның балабақшада қалғысы келмегенін байқауға болады. Сәлден соң оған балабақша қызметкері келіп, қыстық күртесінің жеңінен жұлқып, ертіп кетеді. Видео сипаттамасында мұндай жағдай жиі болатыны жазылған. "Мен куәгермін. Балабақшадағы психикасы бұзылған қызметкердің әрекетін бейжай қалдыра алмадым. Бұны аноним жариялауыңызды сұраймын. Себебі мұндай қарым-қатынасты ортағасырдағы садизмнің бір түрі деп санаймын. 40 000 теңгеге балалардың психикасын бұзатын жеке мекеме! Онда жүрегі ауыратын бала бар, бұлай жалғасса оны қиын жағдайға дейін жеткізеді. Барлық дені сау емес қызметкерді тексергенін қалаймын", - делінген видео сипаттамасында. Бұл видеоға қатысты Қарағанды қалалық Білім басқармасы пікір білдірді. "Видеоны көрдік. 22-23 қарашада осы балабақшада қызметтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деді департаменттен.