Бүгін елімізде халықты ревакциналау басталды

Бүгін елімізде халықты ревакциналау басталды

Бүгін елімізде халықты ревакциналау басталды
ашық дереккөзі
ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізу туралы қаулысы жарияланды. Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері. Сондай-ақ, Қаулыда КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген. Олар:
  1. медицина қызметкерлері;
  2. педагогтер;
  3. күш құрылымдарының қызметкерлері;
  4. медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;
  5. 60 жастан асқан адамдар;
  6. Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);
  7. өз бетінше тексерілу нәтижесінде ағзасында КВИ-ге қарсы антидене жоқ екені анықталған адамдар.