"Ақтөбе" футбол клубының директоры ұсталды
"Ақтөбе" футбол клубының директоры ұсталды
"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі.
Агенттік баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Васильевке 300 миллион теңгеден астам қаражатты "заңсыз сыйақы төлеу" арқылы иемденді деген күдік келтірілген.
"Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, "Ақтөбе" командасының үздік алтылыққа енгені үшін футболшылар мен жаттықтырушыларға 69 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы берілген. Бұл соманың 15 миллион теңгесін Васильев өзі алған" деп жазылған сыбайласқан жемқорлықпен күрес қызметінің хабарламасында.
Хабарларға қарағанда, 8 қарашада Васильев ұсталып, Ақтөбе облысы бойынша тергеу абақтысына отырғызылды.