Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы UFC-де сенсация жасады

Этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (19-4) UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұрданбек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 198 турнирінде өнер көрсетті, онда ол америкалық Шон Сорианомен (14-7) жекпе-жек өткізді.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген және төрешілердің шешімімен Сайран Нұрданбектің жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, бұл жекпе-жекте қазақ файтері аутсайдер саналған.

Осылайша, Сайран Нұрданбек ММА-дағы кәсіби мансабындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізсе, Шон Сориано сегізінші рет жеңіліс тапты.

Back to top button