Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
 21 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.  Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына - қар, батыс бөлігіне - жаңбыр мен қар, тұман, батысқа - көктайғақ пен жауын-шашын әкеледі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Аймақтың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысында жаяу бұрқасын көтеріледі, басым бөлігінде жел қарқыны - 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының батысында күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с. Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 15-20, екпіні 23 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.