Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды
ашық дереккөзі
Түркияның шығысындағы Эрзурум провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды 24.kz.   5,1 балдық дүмпу көршілес Ағры мен Карс провинцияларында да сезілген. Эрзурум губернаторының хабарлауынша, 4 адам жарақат алған. Жер сілкінісінен үйлер қирап, жолдар жабылған. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркияның Дүзже провинциясында да 5 балдық жер сілкінісі болып, провинция тұрғындарын әбігерге салған еді. Эрзурум губернаторы Окай Мемиш: "Апатқа байланысты шұғыл орталық құрылды. Төтенше жағдай қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Топчу ауданы маңына шоғырландық. Қаза тапқандар жоқ" деді.