Жаңалықтар

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның шығысындағы Эрзурум провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды 24.kz.  

5,1 балдық дүмпу көршілес Ағры мен Карс провинцияларында да сезілген. Эрзурум губернаторының хабарлауынша, 4 адам жарақат алған. Жер сілкінісінен үйлер қирап, жолдар жабылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркияның Дүзже провинциясында да 5 балдық жер сілкінісі болып, провинция тұрғындарын әбігерге салған еді.

Эрзурум губернаторы Окай Мемиш: «Апатқа байланысты шұғыл орталық құрылды. Төтенше жағдай қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Топчу ауданы маңына шоғырландық. Қаза тапқандар жоқ» деді.

Back to top button