«Егіз, үшем, егіз». Түркістан облысында 32 жастағы ана тағы да егіз сәбилі болды

«Егіз, үшем, егіз». Түркістан облысында 32 жастағы ана тағы да егіз сәбилі болды

«Егіз, үшем, егіз». Түркістан облысында 32 жастағы ана тағы да егіз сәбилі болды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында дүниеге тек егіз бен үшем әкелетін ана тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».  32 жастағы Дильфуза Мырзақұлова 2009 жылы алғаш рет ана атанды. Сегізінші мамырда дүниеге келген қыздарына Фатима мен Зухра деген есім берді. Кейін араға алты жыл салып шілденің тағы да сол 8-інде үшемді дүниеге әкелді. Разия, Рабия, Раяна деп азан шақырып ат қойды. Одан соң тағы да 6 жыл салып енді қарашаның 8-інде Хасан мен Хусан есімді егіз ұлды босанды. Үш жүктілігінің де 8 санымен сәйкес келгенін жақсылыққа жорып, бұл шексіздік деген ұғымға балап отыр. «Қатты қобалжып кеткенмін. Ойламағанмын, тағы да сондай егіз тууға болады екен деп. УЗИ ге барғанда да. Бірінші барғанымда екеу деп айтқан еді. Тағы екеу екен деп жүрсем, сенде екеу емес үшеу екен дейді. Сенбей тұрсам анаған қараңыз деп экраннан көрсетіп тұр» дейді көпбалалы ана Дильфуза Мырзақұлова. Әдетте тұқым қуалайтын бұл құбылыс Мырзақұловтардың әулетінде алғаш рет кездесіпті.  Сондықтан «Тәңірдің берген сыйы» деп есептейді олар. Отағасы жауапкершілік жүгі еселеп жатқанда жай отырмайын деп күндіз-түні еңбек етіп жүр. Бір отбасында қос-қостап сыңардың көбейгенін естігендер ырымдап арнайы ат басын бұрады екен. «Бәрі қуанып, барлығы ойбай деп ешкімде болмаған мұндай деп бәрі жұғысты болсын дейді. Көбінесе мынау үшемдерде шатасатынмын. Қазір арға көзім үйренгеннен кейін бе шатаспаймын. Мына үшеуінің де түрлері онша ұқсамайды. Бірақ артынан кетіп бара жатса, таппай қаламын өзім де. Раяна десем, Раяна емес Рабия болып шығады. Мен Рабиямын деп айқайлап тұрады» дейді Дильфуза Мырзақұлова. Шымкентте биыл 305 егіз жарық дүниеге келді. Сыңарымен туған шақалақтардың басым бөлігі – қыз бала екен. Статистиканы сөйлетсек, әр 15 минутта бір сәби дүниеге келетін аймақта мұндай демографиялық дүмпу алғаш рет тіркелді. https://www.youtube.com/watch?v=YUm5gneTzus «Қазақстандағы әрбір 4-5 туған бала ол Шымкент қаласында туылады. Өздеріңізге белгілі ОҚО көпбалалы аналармен біз мақтана аламыз. Егіздеріміз көбейді, үшемдеріміз көбейді. Бұл, әрине, өте күрделі сұрақ деп ойламаймын. Біріншіден, біздің аналарымыздың денсаулығы мықты болуы. Екіншіден, біздің оңтүстік өңірдің табиғаты жайма шуақ кезеңі деп ойлаймыз. Бұл балалардың барлығы табиғи жолмен босанған әйелдер» дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов. Қалалық перинаталдық орталықта жақында ғана туған үшем бар. 17 жылдан бері сәби күткен Әлия да үшем босанып, баладан көз алмай отыр. Бір ұл мен қызды қатар сүйіп, қуанышқа кенелді. «Балам сабырлы, ал қызым мазасыз. Ол үнемі тамақтанғысы келіп, өзіне назар аударғанымды қалап тұрады. Ал ұлым ұйып жатып та тамақ іше береді. Биыл мегаполисте 29 мыңнан астам бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 14 мыңдайы қыз және 15 мыңы ұл бала. Негізінен елдегі демографиялық көрсеткіштің көш басын оңтүстік өңірлері құрап тұр» дейді қала тұрғыны Әлия Фарфазидинова.