Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй өртенді

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй өртенді

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй өртенді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешені өртенді. Ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өрт сөндірушілер Боталы көшесі, 26 мекенжайындағы өрт орнына сағат 15.29-да көлікпен жеткені хабарланды.
"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 6 минут ішінде "Европейский" тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10-14-ші қабатта электр сымдары өртенгені анықталды. Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуацияланып жатыр", - деді құтқарушылар.