Жаңалықтар

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлы жылы деп жарияланады

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлы жылы деп жарияланады, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Өткен жылдары Әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда, келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүріп жатыр», – деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Back to top button