Көп балалы аналар министрлікке барып Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті

Көп балалы аналар министрлікке барып Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті

Көп балалы аналар министрлікке барып Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті
ашық дереккөзі

Көп балалы аналар Денсаулық сақтау министрлігіне барып Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Сайт мәліметіне сүйенсек, көп балалы аналар вакциналауға қарсы. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі әйелдердің балаларға екпе салуға және жалпы вакциналауға қарсылық білдіріп жатқанын айтты.
"Біз жасөспірімдерге вакцина салып жатырмыз. Профилактикалық екпеге ата-аналардың ерікті, жазбаша және ақпараттық келісімін аламыз", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Әйелдерге барлық мәселені түсіндіру үшін министрлік өкілдері – денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мен орталықтың сарапшысы шықты, дегенмен олар ешкімге құлақ аспады. Оқиға орнына полиция келді. IMG_9895