Жаңалықтар

Жамбыл облысында жолдың нашарлығына байланысты 211 лауазымды тұлға жазаланды

Жамбыл облысында жолдың нашарлығына байланысты 211 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды turkystan.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, өңірде биыл автокөлік жүретін жолдарға 1 684 тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде 11 713 ақау анықталған.

«Тексеру нәтижесі бойынша жол ұйымдарының басшыларына қатысты 1 684 ұйғарым шықты. Автокөлік жүретін жолдардағы кемшіліктер бойынша 323 ақпарат жолданды», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, теміржол өткелдеріне тексеру жүргізілді, олардың құрамында 185 ақау анықталды.

Автокөлік жүретін жолдардың нашарлығына байланысты  211 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Тараз қалалық полиция басқармасы мен Меркі аудандық полиция бөлімі берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округінің әкімдігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Back to top button