Жаңғаққа қақалған 3 жасар бала өлімінің мән-жайы анықталды

Жаңғаққа қақалған 3 жасар бала өлімінің мән-жайы анықталды

Жаңғаққа қақалған 3 жасар бала өлімінің мән-жайы анықталды
ашық дереккөзі

Жаңғаққа қақалған 3 жасар бала өлімінің мән-жайы анықталды, қайғылы оқиға тойда болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы тыныс алу жолына жаңғақ тұрып қалған 3 жасар баланың өліміне қатысты мәлімет берді. Басқарманың мәлімдемесіне сүйенсек, той 9 қарашада болған, ал бала 11 қарашада көз жұмды.
"Баланы медицина мекемесіне алып келген кезде, оның грек жаңғағына қақалып қалғанын айтты", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Алдымен бала Көктау ауылындағы амбулаторияға жеткізілген. Ол жерде шұғыл көмек көрсетілсе де, тыныс алу жолына тұрып қалған жаңғақты шығара алмаған. Содан кейін баланы Үржар ауданындағы аудандық ауруханаға апарған. Ол жерде де балаға медициналық көмек көрсетіліпті, бірақ ол уақытта баланың тыныс алуы қиындаған. Дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен, баланы құтқарып қала алмаған.