Алматы – Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылды

Алматы – Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылды

Алматы – Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы – Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, «Qatar Airways» әуе компаниясының Шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Эрсой қатысты. Рейстер аптасына 2 рейстің жиілігімен сыйымдылығы 132 кресло (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А320 типті әуе кемелерімен орындалады. Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа халықаралық бағыттарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Qatar Airways» әуе компаниясы Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтинг ұйымының «Жыл әуе компаниясы» болып жарияланған.