Ойнап жүріп, жоғалып кеткен: Түркістанда 4 жасар бала табылды

Ойнап жүріп, жоғалып кеткен: Түркістанда 4 жасар бала табылды

Ойнап жүріп, жоғалып кеткен: Түркістанда 4 жасар бала табылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Отырар аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Ол өзінің 4 жасар ұлының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан. Отырар ауданы ПБ жергілікті полиция бөлімшесі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары жоғалған баланы іздеуге бірден кіріседі. Полиция лейтенанты Қуаныш Сәтпаев, аға сержант Ербол Әмірқұлұлы мен учаскелік полиция инспекторы Жасұлан Пірімжанов жан-жақты түгел шолып шығып, баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Полиция қызметкерлерінің еңбегінің нәтижесінде 4 жасар бала көрші көшеде ойнап жүрген жерінен табылды. «Полиция қызметкерлеріне рақмет. Небары 30 минуттың ішінде жоғалған баламды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін», - деп шынайы ризашылығын білдірді баланың әкесі. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. Жасөспірімдерді үйде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар баланың тілі шыға салысымен аты-жөнін жаттатып, тұрғылықты мекенжайын үйретуге кеңес береді.