Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға келді
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. «Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмысының барысымен танысады деп жоспарланып отыр», – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.