COVID-19: Жандарбек Бекшин желтоқсан айына болжам жасады

COVID-19: Жандарбек Бекшин желтоқсан айына болжам жасады

COVID-19: Жандарбек Бекшин желтоқсан айына болжам жасады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша желтоқсан айына арналған жаңа болжамын айтты. Оның айтуынша, жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың өршуі аясында коронавирус жұқтыру саны артуы мүмкін. «Қазір ЖРВИ және тұмаумен ауырып жатқандар саны артты. Жағдай тұрақсыз. Осының аясында коронавирус инфекциясының өршу қаупі сақталады. Бізде екпе алмаған азаматар бар. Дәл осы тұрғындар желтоқсанда дерттің өсуін тудыруы мүмкін. Сондықтан қазір белсенді түрде вакцина салдыру керек», - деді ол.