Елімізде 23 бағыттағы авиарейстер субсидияланады
Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлімдеді.
Атап айтқанда:
- Түркістан қаласынан 11 бағытта;
- Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
- Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билет құны 8 - 25 мың теңге аралығында тұрады. Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.